» » » Талаптың мініп тұлпарын...

Талаптың мініп тұлпарын...

     
  
Жастар мен жасөспірімдер арасында кез-келген салада жаңа леп алып келетін есім бірден таралатыны белгілі. Жастардың жаңашылдыққа құмар болатынының бір белгісі болса керек. Дәл осындай ерекше талабымен алға қадам жасап жүрген жас әншімен сұқбаттасудың реті келген болатын. Ол есім - Жанұзақ Елдос Ғаниұлы.
 - Елдос, алғаш рет сахна жауапкершілігін сезінген сәтіңізден не айта аласыз?
- Мен 2013 жылы «100 пайыз" бағдарламасына қатысып, жеңімпаз атандым. Осы бағдарлама менің үлкен сахнаға шығуыма себепкер болды. Сахна төріне көтерілген сәтте көрермендер арасында алдымда сүйікті әншіміз Қайрат Нұртас, оның әкесі және анасы отырды. Осы кезде бойымда бір қуаныш, ерекше сезім биледі. Мен мұны жақсылыққа баладым. Ал, санамда “сахнаға шықтың ба,өзіңді дәлелде” деген ұстаным тұрды. Осы ойдың жетегінде жеңіске жеттім деп есептеймін.
-Сіз үшін әншіге қойылатын басты талап?
-Менің ойымша ең басты талап-қарапайымдылық. Халықпен санасу керек. Себебі сені көтеретінде,түсіретінде халық.
-Өнердегі Елдос пен өмірдегі Елдостың айырмашылығы қандай?
-Айтарлықтай айырмашылық  жоқ. Себебі, өмірде қарапайыммын, өнерде де солай болып қала беремін.
-Сіз туралы бір қызықты мәлімет оқыған едім...Сізді  “математик” дейді, осы рас па?
-Сыныбымызда сабақты үздікоқитын Ақмарал, Сымбат, Дильяра есімді қыздар болатын. Ал ел балалар арасында мен үздік едім.  Осы үш қызбен математика пәнін жарысып оқитынмын. Шынымды айтатын болсам 9 сыныпқа дейін сабағымды үздік оқыдым. Кейін әртүрлі себептерге байланысты сабағыма 4 деген бағалар қосылды.
-Сіз Бекзат Молдаберген ағамызбен бірге “Ерке қыз” атты жаңа әнді жарыққа шығардыңыз. Бұл ән аз ғана уақыт ішінде өз тыңдармандарын тауып, жастар арасында хит өлеңге  айналды. Әнге қашан бейнебаян түсіретін ойларыңыз бар?
-Бұл әзірше құпия болып қалсын.
-Ал енді ел арасында үлкен дау тудырған “91”тобынадеген көзқарасыңыз?
-“91”тобындағы жігіттердің дауыстары керемет, музыкалық білімдері де өте жоғары. Бірақ олардың киім кию стилі, шаштарын, көздерін бояғандары қазақы болмысымызға жат нәрсе. Оларға қарап қаншама ұл-қыздарымыз бой түзейді, үлгі алады. Осы жағын ойланса деймін.
-Отбасыңыз жайында айтып беріңіз?
-Әкем-Сыздықов Ғани, анам- Әміре Перизат. Қарындасым-Жанұзақ Әсел. Әкем 13 жасымда Астана қаласына жұмыс бабымен кетіп,қайтар жолда жол апатынан көз жұмды. Ол кісі тазалықты жаны сүйетін.Үнемі анаммен бір жерге баратын болса,анамнан бұрын ерте шығып көлігін ауық-ауық сүртіп,тазалап жүретін.
Ал,анам аспазшы болып жұмыс жасайды. Мен оны тек аяулы ана ретінде ғана емеc “Асы дәмді аспазшы ”деп ардақ тұтамын. Одан кейін Әсел қарындасым. Үйдің еркесі.Қазіргі таңда сахналық киімдерімді қарындасым дайындайды.
-Отбасын құру ойыңызда бар ма?
-Кей кезде отбасын құруды армандап кетемін. Оның себебі,мен балажанмын.Кішкентай сәбилерді  қатты жақсы көремін. Өзімнің қарындастарымның тәп-тәтті қылықтарына сүйсініп отырып, шаңырақ көтеріп әке атануды армандап жатамын. Ал,әзірше нақты шаңырақ көтеру жоспарда жоқ.
-Болашақ жарыңыздың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
-Болашақ жарымның өнер жолымды түсінетін, адал, тәрбиелі, қарапайым болғанын қалаймын.
-Елдос, сіз қазір қайда жүрсіз?
-Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4 курс студентімін. Алла Қаласа жаңа әндерді жарыққа алып келу жоспарда бар.
-Өнер жолында сізге  табыс тілеймін. Сұхбатыңызға көп рахмет!
Сұхбаттасқан: Айдана Қыпшақбай.
02 ақпан 2018 ж. 1 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 20 (245)

17 мамыр 2018 ж.

№ 19 (244)

11 мамыр 2018 ж.

№ 48 (222)

07 желтоқсан 2017 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031