» » » Қыздар өзіне күтім жасауға ерінеді

Қыздар өзіне күтім жасауға ерінеді

Раушан ПІРІМЖАНОВА,
Қыздар өзіне күтім жасауға ерінеді
 Әлеуметтік желілерге кіре қалсаңыз болды, өз-өзіне кәнігі кәсіби мамандай опа-далапты сауатты жаға білетін қыз-келіншектерден көз сүрінеді.
Кез келген адам өз білгенінше бояна алады ғой дерсіз. Бірақ визажистің орны бөлек. Өте жеңіл кәсіп секілді көрінгенмен, бұл адамның тек сыртқы сұлулығымен ғана емес, ішкі жан дүниесінің ерекшеліктерін, темпераментін де ескере отырып, жұмыс істейтін кәсіп иелері. Түрлі жағдайға арналған образдар жасайды.
Негізгі мамандығым – педагог
Визажист болу – бала күнгі арманым. Өйткені кішкентай кезімнен осы іске икемім болды. Бала кезден қыздардың шашын өру, жинап беру сынды істерді жаным сүйетін. Қызығушылығым өмірімде маңызды рөл атқарады деп ойламаппын.
Жұмысымнан ләззат аламын
Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Кейде "осы салаға ертерек келгенімде ғой " деп ойлаймын. Себебі ертерек игергенімде бұдан да үлкен жетістіктерге жетер ме едім? Қазір осы саланы игеруге 16-18 жастағы жас қыздар келеді. Егер мен 17 жасымда бастағанда кім біледі, Голливуд жұлдыздарымен жұмыс істер едім? (күліп)
Әйел адам өзіне сенімсіз
Бір байқағаным, макияж жасатқан соң қыздардың біразы өзіне сенімді бола бастайды. Өмірге деген құлшынысы артады десем артық емес. Кейбір қыздар өзіне қарауға ерінеді. Ол бетіңді бояп алып жүру, дегенім емес. Әрбір қыз-келіншек өз табиғы сұлулығын сақтай отырып бояна білу қажет. Сондықтан әрбір әйелді өздерінің табиғи әдемілігімен де сұлу ету –менің басты мақсатымның бірі.
Зиянды косметика...
Зиянды косметика – сапасы төмен косметика. Сапалы косметика бет терісіне зиянын тигізбейді. Мен сапалы косметикамен жұмыс жасаймын. Осы салаға келгелі ешқандай тұтынушым шағымын айтқан емес.
Ерхан АҚЫН
26 қыркүйек 2020 ж. 206 0