Жақында «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының №2 оқу ғимаратында «Жыл жұлдыздары» атты қорытынды кеш өтті. 

Кеш барысында ән айтып, мың бұрала билеген оқушылардың бойынан талантпен қатар табандылық пен үлкен дайындық байқалды.  Жыл бойы түрлі байқау мен мәдени іс-шараларда белсенділік танытып жүрген шәкірттер бұл кеште өздерінің тек білім жолында ғана емес, өнерде де биікке ұмтылатынын дәлелдеді. Осылайша сахнада жарқыраған жас жұлдыздар кештің көркін қыздырып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

«Жыл жұлдыздары» – еңбек еленген кеш

Іс-шараға «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының директоры Жанар Бимұратқызы арнайы қатысып, оқушылар мен қызметкерлерге алғыс білдірді. Сонымен қатар білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген 10 ұстазға, белсенді 36 ата-анаға алғыс хат табыстады. 

«Жыл жұлдыздары» – еңбек еленген кеш

Қорытынды кешке №1 және №3 оқу ғимаатының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Алтынай Асылбекқызы мен Гаухар Утаралиқызы да қатысып, ізгі тілегі мен ақжарма лебіздерін білдірді. Қонақтардың жылы сөзі оқушыларға ерекше шабыт сыйлады. 

«Жыл жұлдыздары» – еңбек еленген кеш

Сонымен қатар №2 оқу ғимаратының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдана Маратқызы оқу жылында белсенділік танытып, түрлі байқау мен іс-шараға қатысып жүрген 17 оқушыны марапаттап, арнайы номинация табыстады. 

«Жыл жұлдыздары» кеші – таланттың танылып, еңбектің еленген, ұстаз, шәкірт және ата-ана арасындағы байланысты бекемдеген тағылымды кеш. Жарқыраған жас жұлдыздардың алдағы уақытта да биіктен көрінетініне сенім мол.

«Жыл жұлдыздары» – еңбек еленген кеш

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!