Қызылорда облысына іссапармен келген Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева бастаған делегация аймақтағы бірнеше нысанды аралады.

Бану Ғаниқызы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында орналасқан «Қызылорда облысының Азаматтық Альянс Ассоциациясының» орталығымен танысып, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесті.

Кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жастар бірлестіктерінің бастамалары және жобаларымен танысса, Достық үйінде облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, Қызылорда қалалық мәслихатында депутаттармен жүздесті.

Аталған кездесулер барысында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша ұсыныс пікірлер тыңдалып, өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, кеше қонақтарды облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қабылдап, қоғамды дамытуда азаматтық сектордағы әрбір бастамалардың маңыздылығын атап өткен болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!