5 желтоқсан – «Халықаралық волонтерлар» күніне орай өткізілетін «Ерікті жандар ерлігі» атты суретшілер байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының жанынан құралған «Волонтерлар Фронт Офисі». Байқаудың мақсаты – еріктілердің еңбегін көпшілікке үлгі ретінде насихаттау.

Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары:

Байқау Қызылорда облыстық «Волонтерлар Фронт Офисінің» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүргізіледі.

Қатысушылар тақырып аясындағы суреттерін толық аты-жөнін көрсете отырып, bota9501@mail.ru электронды поштасына жолдайды. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісіндегі Қызылорда Облыстық «Волонтерлар фронт-офисы» парақшасын белгілей отырып, жариялауы қажет.

Суретшінің тақырыпты аша білуі, өзіндік идеясы, шеберлігі мен әр бояуды үйлесімді орналастыруы ескеріледі. Суретті өз қалауы бойынша кез келген құрал-жабдықпен салу қажет.

Екінші кезең бойынша материалдар іріктелген ұздік туындылар арқылы, 28 қараша күні Facebook әлеуметтік желісіндегі Қызылорда Облыстық «Волонтерлар фронт-офисы» парақшасынан жарияланады.

Байқауға материалдарды жіберу мерзімі: 16-26 қараша аралығы.

Байқаудың екінші кезеңі: 28 қараша-2 желтоқсан күні 22:00-ге дейін өтеді.

Қазылар алқасы және жеңімпаздарды анықтау:

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, үздік І, ІІ, ІІІ орын иелерін анықтайды.

Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы тарап анықтайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.

Қазылар алқасының шешімімен үздіктер марапатталады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 842 93 02 (Нұрлытаң) нөміріне хабарласуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!