Бұған дейін Қызылорда қаласында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 10 жасар қызды көлік қағып кеткен болатын. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері ауруханаға түскен жасөспірімнің жағдайын хабарлады.

«Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оны реанимация бөліміне жатқызды. Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалар ауруханасы дәрігерлерінің шеберлігі мен кәсіпқойлығының арқасында бүгінде ол өзіне келіп, бөлімге ауыстырылды. Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген аурухана таратқан хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!