Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 15сәуір күні сағат 09:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Ойынды бекетінің тұсында 36 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 – бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!