«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»

     Құрметті менің достарым!

Мен сіздерге үндеу жолдай отырып, зиянды заттарға «Жоқ! – деп айтып үйренуге»  шақырамын.

Есірткі деген зиянды зат,

Зиянды заттан жирен

Достарым сендерге айтарым,

«Жоқ! – деп айтып үйрен», иә осы сөзді айту біз үшін оңай, ал есірткіге тәуелді болып қалған адамға үйрету қиынның қиыны. Есірткіге тәуелді болдың ба, тастау қиын болса да, біз тәуелсіз елдің болашақ жастары біз жасөспірімдерге «Жоқ», «Болмайды» деп айтып үйретуге міндеттіміз!

     ХХІ ғасырда қоғам кеселді адамдардан емес, денсаулығы керемет,  ерік-жігері мықты, рухани жан дүниесі бай азаматтар болуға шақырамын. Біздің ата-бабаларымыз керемет таза ауада құшақтарын кеңге жайып, еркін өсті.Біздің заманымыз дамыған дейді, дамыған жақсы, бірақ балалар кешке дейін телефонның құрбаны, барлық жағдай жасалған, далаға шығып тыныстамайды да, содан келе не істерлерін білмей, осындай пәлеге жолығады. Адам баласы тірі кезінде бағалай алмайтын екі құндылық бар. Оның бірі уақыт емшісі болса, екіншісі денсаулық. Салауатты өмірге кері әсерін тигізетін жағымсыз нәрсе – ол нашақорлық. Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да, жарқын өмір сүруі қажет. Егер сіз есірткіні қолданбасаңыз бақытты жансыз.Неге десеңіз, сіздің өміріңіз ғажайыптарға толы. Ал есірткі пайдаланатын адам мұндай сәттерді кездестіре алмайды. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі айқын болсын десек, ел болып, халық болып жұмылуымыз керек. Қуаныш пен жастық шақты тойлайық.Әрқашан азат біздер болайық! Мен ойланып отырып, сіздерге үндеу жолдадым. Қорытындылай келе әр жеке тұлға, отбасы осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырса, нұр үстіне нұр, балаларымыздың болашағы жарқын болады. Сіздің өміріңіздегі ең жақын досыңыз денсаулық пен спорт болсын! Болашақта қазақ елін әлемге паш етуге талап қылып, зиянды әдеттерден аянбай күресіп, тереңінен ойланып, саралап, барымызға қанағат етіп, Алланың рақымына бөленейік! Ел болашағы – біздің қолда! «Жоқ! – деп айтып үйрен жас дос!

#есірткігеқарсы

#противнаркотиков

                                                                               Нұрым  Бақытжан,

Қазалы ауданы, Бірлік ауылы

                                                                                  №102 орта мектебі

                                                                                  10-сынып оқушысы

                                                                                

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!