Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттерінің бірі. Ол әр адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің тек біреуі ғана. Жүрегі мейірімге толы жан жеңілі мен ауыры қатар жүретін қатігез өмірдің басты тірегі. Осы орайда Жалағаш аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі екі азаматқа азық – түлік таратты. Жаза басып, жолдан тайған көмекке мұқтаж азаматтарды назардан тыс қалдырмай, игі іс жасау – парызымыз деп білген қызметкерлер сотталған азаматтардың отбасына 1 айлық азық – түлікпен қамтамасыз етті.

  • Мен қазіргі таңда көп балалы әкемін. Анам зейнеткер. Әйелім мектепте кіші қызметкер. Жаза басып, пробация есебінде тұрғандықтан жұмыссызбын. Әлеуметтік жағдайымнан хабардар пробация қызметкерлеріне көрсетіп жатқан көмектері үшін алғысымды білдіремін, – деді пробация есебіндегі азамат.
    Жақсылықтың үлкен – кішісі жоқ. Қанша жерден қателік жасаса да, сотталғандардың да отбасы көмекке мұқтаж. Қоғамнан аластатпай, ел қатарлы өмір сүріп кетуі үшін жағдай жасау бізге де артылған міндет болғандықтан барынша қолдау көрсетуге тырысамыз. Алдағы уақытта әлеуметтік жағдайына байланысты қандай – да бір көмек қажет болса, қол ұшын созуға дайынбыз, – деді Жалагаш аудандық пробация кызметінің бастығы әділет майоры Асылжан Сақыбеков
    Адина Ұзақбай
    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!