Петропавлдағы “Қарасай” стадионын жөндеу кезінде адам сүйектері табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция дерегіне сүйенсек, 102 жедел арнасына стадионнан адам сүйектері табылғаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құзырлы орган анықтауға кірісті. 

“14 маусым сағат 9:59 шамасында Петропавл қаласы ПБ-ның «Қарасай» стадионын қайта құру кезінде адам сүйектерінің қалдықтары табылғандығы туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті”, – делінген полиция ақпаратында. 

Кейіннен анық болғандай сүйек қалдықтары 100 жыл бұрын осы аумақта болған зиратқа тиесілі болып шықты. 

Бұл факт Петропавл қаласы ПБ-ның екінші бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!