Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Осы қызметте ол 9 жыл отырған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Ахметов 15 маусымда 69 жасқа толды. Ал бұл қызметке ол 2015 жылы тағайындалған. Бұл аралықта ол үш рет – 2017, 2019 және 2022 жылдары облыс әкімі болып қайта тағайындалды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!