Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторы ITeachMe 7.0 жобасының аясында ақпараттық кампания өткізді.
Ақпараттық кампанияның мақсаты – жоба туралы толық ақпараттандыру, өтінім беру кезеңдері, шарттары мен ережелерін таныстыру.
2 мәрте ұйымдастырылған кездесуде digital мамандықтар, оқыту курстарынан кейінгі мүмкіндіктер мен табысты маман атану тақырыптары қозғалды.
Жиын барысында Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының жетекшісі Жанарыс Алтынбекұлы ITeachMe 7.0 жобасында тегін білім алу үшін 120 гранттық орын бөлінгеніне ерекше тоқталды.
Айта кетейік, аталмыш жоба Chevron компаниясы және ITeachMe қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін аукымды жоба. Өтінім берудің 3 кезеңінен өткен қатысушыларға мобилография, графикалық дизайн, SMM, motion design, UI/UX дизайн мамандықтарын толық меңгеріп, курс аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар Астана, Алматы қалаларына дағдыларды дамыту лагеріне жолдама берілетін болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!