2023 жылдың шілде айының 01 күні №30 «Алматы-Атырау» жолаушылар поезында азамат Корпешов Серик Жаналиевич және Сабыржанулы Касымжанның қоғамдық көлікте алкогольдік өнім арақ ішкен масаң күйде болғаны жайлы

АНЫҚТАМА

01 шілде 2023 жылы Жамбыл облысының 45 және 22 жастағы тұрғындары әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін №30 Атырау –Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан поезд бастығының кесімімен Қазалы станциясынан түсірілген.

Аталған азаматтар жолда жүру барысында жолаушылар поезының яғни 9 вагонында қоғамдық көлікте алкогольдік өнім арақ ішіп, адамның қадір қасиетіне және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде болған.

Аталған дерек бойынша Қазалы станциясындағы желілік полиция қызыметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогльдік ішімдік ішіп масаң күйде болғаны үшін  әкімшілік хаттама толтырылып 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазалы станциясындағы желілік полиция бөлімшесі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!