Қызылорда ст . ЖПб-нің, Арал теңізі ст.ЖПб қызмет ету аймағында 2023 жылдың шілде айының 17-19 аралығында «Түнгі қаладағы балалар » жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Іс-шара өткізу барысында шілде айының 17 күні Арал теңізі ст. ЖПб-нің полицейлері полиция сержанты А.Ильяшев Арал теңізі станциясында кәмелетке толмағандар арасындағы темір жол бойында құқық бұзушылықтың алдын алу және орын алатын қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейд барысында темір жолдың қауіптілігі туралы құқықтық тақырыпта станция тұрғындарына және кәмелетке толмағандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!