Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.
Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында тағы 6 медаль жеңіп алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!