Осы жылдың маусым айынан бастап республика көлемінде «Қарасора-2023» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл қазан айының 31 жұлдызына дейін жалғасады. Аймақтағы ахуалы жайында Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дуненов тарқатты.

Қызылорда облысының Полиция департаментінен іс-шараны жүргізуге барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, 1 дрон және жергілікті әкімдіктен 6 дрон аппараты жұмылдырылды. ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, 5 автокөлік бөлінді, сондай-ақ әуеден шолу жүргізу үшін әскери тік ұшақ жұмылдырылды. Мониторинг барысында барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру деректері анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 кг есірткі заты алынды, – деді Ардақ Әбішұлы.

Айта кету керек, іс-шараның мақсаты есірткіге еліткендерді анықтау, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіп-баптауының алдын алу, героин трафигін жою. Сонымен қатар, жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!