Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев аудандық орталық кітапханада өткен «Кітап сыйла» акциясына қатысты. Танымдық іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, тыл және еңбек ардагері Рақымжан қажы Бәйменов, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітов, оқырмандар мен жастар атсалысты.

Ауданда «Кітап сыйла» акциясы тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатындағы іс-шарада оқырмандар құнды кітаптармен танысуда.

Бүгінгі іс-шарада аудан басшысы жастарға білімді болу үшін кітапты көп оқу керектігін айтты. Өскелең ұрпақтың рухани танымын кеңейту үшін ауданда «Рухани орталық» салынатынын жеткізіп, жаңа кітаптарды сыйға тартты. Сондай-ақ, Р.Бәйменов, Ш.Нұрсейітов өздерінің туындыларын кітапханаға тарту етті. Оған қоса, балабақша меңгерушілері жас балғындарға қызықты кітаптарды акция аясында табыстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!