Қызылордада облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты N68 мекемеде сотталушы қайтыс болды,- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Алғашқы медициналық көмекті мекемедегі кезекші қызметкерлер көрсеткенмен оны аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел жәрдем бригадасы сотталушының қайтыс болғанын растады.

Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазір тергеу жүруде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!