Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Мейрамбек Зинабдинұлы Жалағаш аудандық ауруханасының қызметімен, жаңадан орналастырылған медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты. Бұл ретте ем алушы тұрғындар үшін сапалы және уақытылы қызмет көрсету қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы «ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығынның тұрғындар үшін сәтті жоба болғанын айтып, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік – акушерлік бекет және 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Жалпы құны 102,0 млн. теңгені құрайтын «ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығы 11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Орталықтың негізгі қызметі диализге және трансплантацияға дейінгі ауқымды қамтиды және бүйрек ауруын емдеуге негізделген. Бүгінде аудан тұрғындары гемодиализ орталығының игілігін көруде.

Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!