Белгілі әнші Жазира Байырбекова “Ұйқым келмейді” бағдарламасында түнде тойдан қайтып келе жатып, оқыс жағдайға тап болғаны кезін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/zhazira_bairbekova

Бұған дейін өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында өміріне қауіп төнгені жайлы жазба жариялаған еді.

“Қай қаладан келе жатқанымыз есімде жоқ. Көлікпен көпірдің астынан өтіп бара жатқанбыз. Айнала қараңғы, жарық жоқ. Көпірдің үстінен шыққан қатты дыбыс құлағымызды жарып жібере жаздады. Түсіп, көліктің үстіне қарасақ төбесі тесіліп, әйнектері шытынаған. Кейін әйнектері шашылып қалды. Ол оқ па, әлде үшкір тас па білмеймін. Бірақ тас деп ойламаймын. Біз өтіп кетіп барып тоқтадық. Қайтып бару ойымызға келмеді. Өйткені қараңғы еді. Бізге төбеден атты. Ол талдырып тастайтын оқ болуы мүмкін. Бірақ шүкір, бәріміз аманбыз”, – дейді Жазира Байырбекова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!