Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова өзгерістен қорықпайтынын айтты. Жақында 44 жасқа толған әншінің жаңа образы көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Өзгерістен қорықпайтын жандардың бірімін. Жылдар бойы бір сарынды өмір сүре берсең , өміріңе өзгеріс пен жаңалық өзінен өзі келмейтінін білемін. Қалай болса да, ең бастысы, мен әрекет еттім», – деп жазды Мадина Сәуақасова Instagram парақшасында. Желі қолданушылары әншінің үнемі жаңа образда, жаңа стильде көзге түсетінін айтып, жарыса пікір қалдырған. «Керемет», «Жаңашылдық іздеп жүретін сізге рахмет», «Қандай әдемі», «Сұлусыз», – деп жазды желідегілер. Айта кетейік, жақында әнші 44 жасқа толды. Өнер иесі ұлы мен күйеуінің өзін туған күнімен құттықтаған сәтті көпшілікке көрсетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!