Сурет: polisia.kzАлматыда Toyota көлігінің жүргізушісі аз ғана уақыттың ішінде 81 рет жол ережесін бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, оған салынған жалпы айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңге болды.

«Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші көбіне жылдамдықты асырған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық», – деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев.

Қостанайда жылдамдықты 51 рет асырған жүргізушіге 1,5 миллион теңге айыппұл салынды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!