Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан

Үндеу

Қадірлі жас достар!

Нашақорлық – ғалам қасіретіне айналған қаһар-күш. Онымен күрес және зиянын көпке жеткізу бүгінгі буынның басты міндеті екені айқын. Сондықтан замандас достарға үндеу тастап, әлемді әбігерге түсірген дерттен аулақ болуға шақырғым келеді.

Біз білуге тиіс ақпар көп. Бастысы, есірткі денсаулыққа айықпас кесел әкеліп, психологиялық зардап тудыратынын ескеру жөн. Қатерлі қадамға барған азаматтың қоғамға қайта оралуы қиындап, жақындары мен достарының сенімінен айырылады. Есірткіге қол жеткізу үшін қылмыс жасап, заңсыз әрекеттерді істейтіні тағы бар. Алдап-арбау, есірткіге қажет қары табу үшін қулық-сұмдықты жасау – нашақор үшін үйреншікті әдет.

Сол үшін әрбір жас есірткіге «жоқ!» деп айтуды үйреніп, кеселге жақындамаудың жолын ойлағаны жөн. Қоғамды оң өзгеріске бастау жолын іздеп, заңсыздықтың жолын кесу арқылы жақсылыққа жақын болуға мүмкіндігіміз бар. Үндеу арқылы айналамдағы достардың назарын бұрып, саламатты өмір салтын сақтауды насихаттағым келеді. Себебі дені сау жас – ұлт болашағы.

#есірткігеқарсыбайқауы

Бидәулет Сабитов ,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы

М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 5 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!