Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы сол, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқаруына берілді. Аталған Кодекске сәйкес, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.

Бүгінде корпорация — халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің бірден-бір провайдері. Демек, ұйым алдағы уақытта азаматтық хал актілерді тіркеу функциясын ары қарай пысықтайды. ҚР Үкімет тарапынан берілген тапсырмаға сәйкес, Әділет органдарымен бірлесіп, 2008 жылға дейін тіркелген азаматтық хал актілерін цифрландыру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізілген.

Цифрландыру жұмыстарының негізінде мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіліп келеді. Яғни, азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктері мен түрлі анықтамалар алу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, барлығы дерлік электронды түрде жүзеге асырылып отыр.

— Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қағаз куәліктерді алып тастау және ЭҮП арқылы куәліктерді электрондық форматта беруді қамтамасыз ету, бұл ретте азаматтардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште де беріледі;

— азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер мен анықтамалар электрондық нысанда беріледі,

— қайтыс болу туралы актіні автоматты түрде тіркегеннен кейін қайтыс болу туралы хабарлама беру;

— ҚР шегінен тыс жерде неке мен өлімді тіркеу туралы белгі қою және т.б.бас тарту болып табылады.

                                                                                   Г.Досмаганбетова,

Қызылорда облысының әділет департаментінің бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!