Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Алтынбек Гүлмира Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп және Ж.Жабаев атындағы №120 мектеп оқушыларына ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Полиция қызметкерінің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құқықтарын қорғау. Жыл сайын полиция қызметінің беделі артып, халықтың құқық қорғау органдары саласының қызметкерлеріне деген көзқарасы оң нәтиже беруде», – деді №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Алтынбек Гүлмира.

ІІМ академиясының оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет ету преспективасы, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарына жауап алды.


Адина ЖОМАРТҚЫЗЫ,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!