Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы өзінің бір жылдығын атап өтті. Салтанатты шара 2023 жылдың 2 желтоқсанында Алматы қаласында ұйымдастырылды. Партияның іргетасын қалаушы азаматтар мен құрметті қонақтар осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды қорытындылап, саяси ұйымның болашақ жоспарын талқылау үшін бас қосты. Үздіктер марапатталды.

Бүгін біз партиямыздың тарихындағы маңызды сәт – оның құрылғанына бір жыл толуын атап өту үшін жиналдық. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев мерекелік шараға қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.
Өткен жылы саяси ұйым алға қарай үлкен қадамдар жасады. Жасылдар партиясы табиғат пен адамзаттың үйлесімді өмір сүруі үшін орнықты және салауатты қоғам құруға ұмтылуда.
Біз табиғатпен және бір-бірімізбен үйлесімділікте өмір сүру арқылы ғана өркендей аламыз.
Бүгін біз жетістіктерімізді атап өту үшін ғана емес, сонымен бірге алда көптеген жұмыстер күтіп тұрғанын еске салу үшін жиналып отырмыз.

#Байтақ, #Baytaq

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!