Фото: Наталья Зинченко \ Kazinform

KAZINFORM – Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының VIII туры ойындары өтті. «Ақтөбе» сырт алаңда «Қызылжар» командасынан басым түсті. 

Петропавл қаласында өткен тартысқа толы кездесуде қонақтар үш ұпай еншіледі. «Ақтөбе» командасының сапынан ойынның 61-минутында Бауыржан Байтана мен 67-минутта Севальос Энрикес гол соқты. Осылайша Дмитрий Парфенов жаттықтыратын команда 14 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасты. Ал қатарынан төрт ойында жеңіліске ұшыраған «Қызылжар» командасы 8-орында келеді. 

Семейдегі матчта алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Роман Муртазаевтың кездесудің 38-минутында салған голына кеншілер сапынан Абылайхан Назымханов 88-минутта жауап қатқан. Алайда ойынға қосылған қосымша уақытта, яғни, 98 минутта Никита Корзун көзге түсті. Осылайша Андрей Карповичтың командасы камбэк жасап, маңызды үш ұпайға ие болды.

Қазіргі уақытта «Елімай» 14 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!