Журналистика – мәні терең мамандық

Журналистика – мәні терең мамандық,
Жамандық пен айтылады сараңдық.
Сенсіз хабар таралмаған әлемде,
Елмен қоса мына біздер жаңардық.

Атылмаған хабарсыз ақ таңдары,
Ерекше ғой жас өркеннің самғауы.
Қара бастың қамын жемей бұл дағы,
Халық үні айтылатын арнауы.

Елге деген қызметін арнаған,
Жазу үшін сия кеткен бар қалам.
Сыйға лайық істерінің барлығын,
Сыйламаған оқырманға таң қалам.

Журналисттер ең мықты боп саналар,
Қоғамменен адам ойы жаңарар.
Шындық айтып, айтпасаң да бәрібір,
Басқа амал жоқ, жемтік болып таланар.

Сен болмасаң кім болады қорғаным?
Керемет қып өз рөліңді сомдадың.
Билік пенен ақша көрсең ентелеп,
Өлтіруге арам адам жалдадың.

Тарихым мәңгі жадымда

Жарық көріп, алғаш басқан жер,
Жүректің бөлігіне айналған туған жер!
Есімде сенің желің менен
Қысқы, жазғы ыстық ел.

Мыңжылдықпен жауланған,
Жоңғар, жужан ешбірі жаулап ала алмаған.
Төңкеріліс қанша болсада
Елім аяғына тік тұрған.

Қаншама жыл іштей сөнбеген,
Кітабың мен қалаң өртенген.
Уақыт талабы да қатал ғой,
Ана мен бала дауын көздеген.

Басқа ұлттың қолында болсаң да,
Санаңдағы жалының өшпеген.
Жүрегіңнің адалы,
Халқым күйлеріңді әлі көруде.

Сенің сезіміңе көзім жетеді,
Жан айқайың әлі құлағымда сыңғыр етеді.
Соған бір мысал болар жағдайың,
Желтоқсандық жалын жастың айқайы.

Мақтанамын қазағымның өзімен,
Тілін бізге мұра етіп кеткенмен.
Тарихта қалған әрбір күн –
Қазақ жадында жанар мәңгі үн!

Мерей Шәкрат

№14 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!