Фото: твойгород.com
15 мамырда Қазақстанның барлық аймағында ескерту жүйесі тексеріледі. Сиреналар сағат 12.55-те қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тексеріс «ӨРТ-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында.
«Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады», – деп хабарлады ведомство.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосулы кездегі тәртіп ережелерін еске салды:
- Егер дабыл соғылғанда үйде болсаңыз: радионы немесе теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз;
- Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз: көше дауыс зорайтқыштары арқылы берілетін хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз.
Министрлік тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!