Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу А1 (Қарапайым) және В1(Орта) деңгейлеріне қосымша тестілеу өтті.

Тестілеуге «Болашақ» халықаралық бағдарламасының, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер және Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары қатысты.

Қазақ тілін білу деңгейін бағалайтын сынақты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы QAZTEST жүйесін дамыту басқармасы, Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертxанасының меңгерушісі Әділбекова Жанар Болатқызы қабылдады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінен 170-тен астам профессор-оқытушылар мен қызметкерлер қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!