Фото: instagram.com/anar_burasheva

Әлемнің ең биік нүктесі Эверест шыңын (8848 м) бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева елге оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kz телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эверестке шыққан үш қазақстандық альпинисті Алматы әуежайынан бір топ адам күтіп алды. Олардың ішінде әскери бөлім қызметкерлері, альпинистер және үш спортшының туыстары бар. Әйгілі шыңды бағындырған тұңғыш қазақ аруы Анар Бурашеваның жақындары да Семейден арнайы келіпті.

«Әзірге осы сапардан қандай әсер алғанымды айта алмаймын, ойымды жинақтай алмай тұрмын. Ең бастысы, барлығымыз аман-есен үйге жеткенімізге қуаныштымын. Мені күтіп алуға келгендерге ризамын», – деді Анар Бурашева.

Эверест экспедициясының жетекшісі Мақсұт Жұмаев 8848 метрді үшінші рет бағындырып отыр. Ал командадағы үшінші альпинист Альмир Қымбатбайұлы аталған шыңға алғаш рет қадам басқан.

«Эвересті бағындыру сапары 1,5 айға созылды. Бұл шыңға шығу – техникалық және психологиялық тұрғыдан өте ауыр шаруа. Біз мақсатымызға жеттік», – деді экспедиция жетекшісі Мақсұт Жұмаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!