фото: azattyq_ruhy.kz

Синоптиктер Қазақстанның үш мегаполисі: Астана, Алматы және Шымкент бойынша 26-28 мамыр аралығына қатысты ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Астана

26 мамыр: аспан бұлтты, қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+ 4°C, күндіз: +12…+14°C.

27 мамыр: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Түнде желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +13…+15°C.

28 мамыр: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар жауады) болады, күндіз жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 9-14 м/с, күндіз кей тұста – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +10…+12°C.

Алматы

26 мамыр: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күн райы тымырсық. Ауа температурасы түнде: +9…+11°C, күндіз: +11…+13 °C.

27 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +4…+6°C, күндіз: +17…+19°C.

28 мамыр: аспан бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні – 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +8…+10°C, күндіз: +21…+23°C.

Шымкент

26 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз, күн райы тымырсық. Ауа температурасы түнде: +3…+5°C, күндіз: +17…+19°C.

27 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +23…+25 °C.

28 мамыр: аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +12…+14°C, күндіз: +23…+25°C.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!