«АМАNАТ» партиясы жанындағыЖастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өткізілді.Кеңес жиынына «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жарылқасынов Алтынбек Шәкімәұлы, жастарды қолдау бойынша кеңестің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, атқарушы орган мен БАҚ өкілдеріжәне «Жастар Рухы» ЖҚ оқу орны бөлімшелерінің жетекшілері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесі;
  2. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, өңір жастарын қолдау, шығармашылығын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес төрағасының орынбасары, Сырдария аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық деңгейіне тоқталып өтті.

«Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басталғаннан   білім ошақтарында түрлі  іс-шаралар  атқарылады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Бұл жағдай тек құқық қорғау органдарын ғана  толғандыратын мәселе емес, бұкіл халқымызды толғандыратын мәселе,» – деді А.Ибрагимұлы.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Талғат Оспанұлы баяндама жасап, 18-ге толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде көшеде әсіресе компьютерлік ойынханаларда жүрмеуі, жол жүру ережелерін сақтау, бос уақытта ата-аналардың балаларға көңіл бөліп қадағалау керектігін атап өтті.

Жиын барысында білім беру ұйымдарында және полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған жасөспірімдерді бақылау және жасөспірімдердің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылды.

         Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында сұрақтар қойып, талқыланған мәселелердің шешімі нақтыланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!