Фото: Instagram.com/alnassr

«Әл-Наср” және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының соңғы турында жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының  34-турында «Әл-Иттихад» командасының қақпасына дубль жасап, «Әл-Наср» командасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша португалиялық футболшы биылғы маусымдағы голдарының санын 35-ке жеткізіп, лиганың тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетіп отыр. Бұған дейін Сауд Арабиясының чемпионатында бір маусымда ешкім бұндай нәтижеге қол жеткізбеген. Алдыңғы рекорд Абдерразак Хамдаллаға тиесілі еді. Ол 2018/2019 жылғы маусымда 34 рет мергендік танытқан.

Айта кетейік, Роналду Сауд Арабиясында гол+пас нәтижесі бойынша да рекорд жаңартты. Аты аңызға айналған шабуылшы 35 голдан бөлек, 11 нәтижелі пас берген. Сөйтіп, гол+пас бойынша 46 ұпай жинады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!