Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 түзеу мекемесінде “Қамал” оқу-жаттығуы өтті.

Мекеме бастығы мен жеке құрам қызметкерлері қатысқан шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылған оқу-жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алу, жеке құрамның физикалық және жауынгерлік дайындығын пысықтау.

– Әрбір қызметкер кез-келген төтенше жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай оқу-жаттығу мекеме қызметкерлерінің қызметтік, жауынгерлік және кәсіби дайындықтарының деңгейін көрсетеді. Нақты өмірлік жағдайға жақын өткізілген оқу-жаттығу жеке құрамның тәжірибесін арттыратыны анық, – деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Мақсұт Өтетлеуов.

Оқу-жаттығу барысында жеке құрам мекеме бастығының қосымша нұсқаулығы арқылы жауынгерлік шеберліктерін пысықтап, кез-келген жағдайға дайын екендерін көрсетті.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!