Қазақ өнерінде терең ойлы  әндерімен танылған өнерлі өлкенің төл перзенті, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Рамазан Тайманов 70 жас мерей тойына орай мерейтой иесінің ән шығармашылығын насихаттау мақсатында І республикалық «Сыр Ана»  әншілер конкурсы өтті.

Конкурсқа республикамыздың түкпір-түкпірінен арнайы іріктелген талапкерлер бақ сынады. Атап айтар болсақ, Азамат Амангелдіұлы – Жанаөзен қаласы, «Жалын» дуэті – «Манғыстау облысы, Ақтоты Әбдрахман – Көкшетау қаласы,«Шабыт» квартеті – Қостанай облысы, Нұржан Балтабаев – Жамбыл облысы, Назым Мауленқызы – Алматы қаласы,Бақытжан Мақшат, Замира Көлімбетова – Байқоңыр қаласы, Ақмарал Кәдірбаева – Атырау облысы, Аяулым Матикова –  Абай облысы, Шолпан Ақылбек – Павлодар облысы, Акимжан Шакиров – Ақтөбе облысы, Құндыз Несіпбаева – Алматы қаласы, Елжан Берістенбаев – Арал ауданы, Бекзат Молдабергенов пен Арайлым Маханбетжанова және Айсұлу Әбді – Қызылорда қаласы.

Конкурстың ашылу салтанаты және І кезеңі 23 мамыр күні А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде композитордың шығармашылығынан өз бақтарын сынаса 24 мамыр күні Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында жалғасын тапты ІІ кезеңінде әншілердің қабілетерін ашу мақсатында еркін жанрында ән орындады және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Сыр даласын әсем әнге бөлеген конкурста республиканың түкпір-түкпірінен және Сыр өңірінен арнайы іріктелген 17 талапкердің өнерін композитор, Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Әбдінұров, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова, продюсер, Мәдениет қайраткері Сәрсен Ибрашева, композитор, Мәдениет саласының үздігі Сәбит Ұлықпанұлы және мерей той иесі Рамазан Тайманов бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі lll орынды Назым Мауленқыз (Алматы қаласы), Әкімжан Шакиров (Ақтөбе облысы), «Шабыт» тобы (Қостанай облысы), ll орынды Арайлым Маханбетжанова (Қызылорда қаласы), Ақтоты Абдархманова (Көкшетау қаласы), l орынды Замира Көлімбетова (Байқоңыр қаласы) иеленсе, Бас жүлдені Айсұлу Әбді (Қызылорда қаласы) жеңіп алды. Сондай-ақ, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды.

Марапаттау рәсімі композитордың шығармашылық ән кешіне ұласып, кеште Сыр өңірінің өнерлі өрендері мен конкурс жүлдегерлері және Сыр елінің мақтанышы Жеңіс Ысқақова Рамазан Тайманов әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

Туған жерінің өркендеуіне өзінің елу жылдан астам шығармашылық ғұмырын арнаған Рамазан Таймановтың ән мұрасы күллі қазақ даласында самғай берсін!

Шынтемір Сайлауов

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!