Фото: Реал ФК

Мадридтің «Реал» футбол клубы жаңа маусымға арналған спорттық жейдесін таныстырды, деп хабарлайды Massaget.kz.

«Корольдік клуб» өз алаңындағы ойындарда әдеттегідей ақ түсті жейдеде ойнайды. Қонақта ойнайтын формасы кейінірек нақтыланбақ.

Таныстырылымға Килиан Мбаппе қатыспағанмен, оның спорттық жейдесінің суреті желіде тарады.

Айта кетейік, өткен маусымда мадридтік команда Испания чемпионы атанды. Чемпиондар лигасында 15-ші рет топ жарды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!