Фото: detector.media

Адамзат баласының өміріндегі ең жауапты да маңызды сәттердің бірі – мамандық таңдау.

Мамандық таңдаудан қателеспеу керек. Себебі сенің таңдауың өміріңді өзгертіп, болашағың ертеңгі күнің болмай ма? Менің ойымша, әрбір адам өз түйсігіне, жүрек қалауына сеніп, болашақ мамандығын таңдауы қажет.

Менің қазіргі таңдауым – бала кездегі арманым журналист болу. Бұл біреудің айтуы немесе ата-анамның калауы емес. Жүрегім қалап тұрған арманымның болашақта шындыққа айналғанын қалаймын.

Журналистика – қиын да қызықты мамандықтардың бірі. Батылдықты, шыдамдылықты және тапқырлықты талап етеді. Әрқашан шындықты көрсетіп, әділдікті жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Қоғамдағы өткір мәселелер де журналистің қозғау салуымен жарияланып жататыны шындық.

Менің мамандығым – менің болашағым. Болашақта өз ісімнің шебері болып, қарапайым халыққа көмектескім келеді.

Айжан ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!