Фото: vnu.edu.ua

Бала күнімде әлемде болып жатқан оқиғаларды хабарлап, оны түсіндіруге көмек беретін журналистерге қатты қызығатынмын. Жалпы журналистика қоғамдық пікірді қалыптастыратын маңызды мамандықтардың бірі деп есептеймін.

Қазіргі қоғамда журналистиканың рөлі зор. Журналистер ақпараттың шынайылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету арқылы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады. Журналист болуға бірнеше себеп бар: әлемді тануға деген құштарлық, әділеттілік пен шындыққа ұмтылыс, өзгерістерге ықпал ету.

Журналистика – бұл тек мамандық емес, сонымен қатар ауқымды миссия, үлкен жауапкершілік. Менің ойымша, бұл өте қызықты мамандық. Бұл мамандықты таңдау арқылы қоғамға пайдалы болуды және адамдарға қажетті ақпаратты жеткізуді көздеймін.

Аружан МҰРАТҚЫЗЫ,
И.Құтпанұлы атындағы ЖББОМ
11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!