Фото: бейнежазбадан алынған кадр 

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі қымбат әрі сәнді киімге жаны құмар екенін айтты.

Мөлдір Әуелбекова бағалы заттарды көп алса да, оны қалың көпшілікке мақтанып көрсетуді мүлдем қолдамайды екен. Шоу-бизнес жұлдызы Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, өзі жайлы қызықты жайтты ақтарды.

Бейнежазбада әншінің Louis Vuitton дүкенінде бренд зат алып жатқанын көруге болады.

«Негізі базарлықтарымды көп көрсете бермеймін. Әдемі, сапалы, қымбат кигенді ұнатамын. Таза еңбегіңмен алған зат әрқашан құнды болады. Сіздерге мотивация болсын. Мен сияқты брендтерге емін-еркін базарға кіріп шыға салғандай кіруді, алған затты көпшілікке көрсетіп, «анпакинг» жасамай-ақ киетіндей бұйырсын», – деп жазды әнші. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!