Фото: sports.kz

Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында өткен шағын футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды, – деп хабарлады Kazinform.

Ел құрамасы жартылай финалда Франциямен ойнады. Кездесу барысында қазақстандықтар жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсіп, құрлықтық додада үздк үштікті түйіндеді.

Ел құрамасы топтық кезеңде Англия (7:0) және Украинаны (3:2) жеңсе, Грекияға (0:1) есе жіберіп қойды. Ал 1/8 финалда Словенияны (1:0) орта жолда қалдырды. Одан кейін Әзербайжанмен кездесуінде негізгі кезеңі 0:0 есебімен аяқталып, қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті.

Ал жартылай финалдағы Румыниямен кездесуде негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында қарсыластарға 1:3 есебімен жол берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!