Коллаж: Амангелді ҚИЯС

«Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»,- деп С.Торайғыров айтып өткендей, еңселі елдікке еңбек жетелейді. Біз екі ғасырдан астам уақытты артқа тастап, алты Алаштың басын қосып, қаймағы бұзылмаған, халқы сүйген ұлттың жас өркеніміз.

Қазіргі таңда Қазақстан дамушы елдердің қатарынан бой көрсетті. Халқымыз ел кемеліне жету үшін әр қазақ деп соққан жүректің жастары талмай еңбек етуі қажет. Еліміздегі технологияның дамуы бізді қатты қуантады. Техника- адамзат баласы үшін өте қажетті дүние. Қазіргі таңда қандай маман иесі болса да техниканың көмегіне жүгінеді.

Жаныңа керегін, жақынның барлығын техникадан табамыз. Алайда, әр нәрсенің жақсы жағымен қатар жаман жағы қатар жүретіні сөзсіз. Ғаламтор желісінде жастарды теріс ағымға бұрмалайтын сайттар көптің қасы. Жасөспірімдер сол жолдың ізіне түсіп, құрбан болып жатқаны әр қазақты қынжылтады. Бұл мәселені саяси тұрғыда қарастырылмаса, қара халықтың күші жетпес-сірә! Жақында бұл іс жоғары жақта қаралып, әр әлеуметтік желілерге бақылау қою қарастырылды.

Адамзат өмір жолында екі нәрседен қателеспеуі керек. Оның бірі – мамандық таңдау. Көзді ашып-жұмғанша дамып жатқан мына заманда 2050 жылы ғылыми- технология прогресі қарқынды дамып, адамзат баласының орнын робот басуы әбден мүмкін. Болашақта сұранысқа ие мамандықтың бірі- программист. Алдағы таңда адамның орнын робот басқан жағдайда программист үлкен сұранысқа ие болады. Өз мамандығын жетік меңгеріп, жүрек қалауымен оқу – жарқын болашақтың көрінісі.

Қорыта келе, жарық күнде сәуле қуып, ізденімпаз қасиетімізді жоғалтпай, ел болашағы үшін бар күшімізді саламыз!

Сара Базарбай

Н.Ильясов атындағы №9 мектеп

гимназиясының 11«А»сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!