Фото: желі кадрларынан

Желіде қалыңдықсыз өткен тойдан видео үзінділер тарап, қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Жұрт тойдың неліктен бұлай өткеніне түрлі болжам келтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бейнежазбаны Kokshe_city_03 порталы Instagram желісінде жариялады. Онда банкет залында жігіт қалыңдықсыз үйлену тортын жалғыз өзі кесіп жатқаны көрінген.

Бейнеде банкет жүргізушісі жігітті құттықтап, тойды ұйымдастырған аға-жеңгесіне алғыс айтады. Үшінші видеода ер адамның әжесі “енді асығыстық жасама” деген сөздері бар ән орындаған.

Желі қолданушылары бұл ерекшелікті өздерінше болжап көрді. Бірі жігітті ажырасқанын атап өтті десе, енді бірі қалыңдығы тойға келмей қалған деп топшылады.

«Қалыңдықсыз үйлену тойы? Кім дұрыс жасады? Кеш бойы жігіттің ойы басқа жақта екені білініп тұр», “Несі түсініксіз, бұл қазақтардың ажырасуы”, “Бізде қыз ұзату күйеу баласыз өткен”, “Қалыңдық қайда” деген сұрақ менде ғана болды ма?”, “Ажырасу деп жазып қойса болар еді”, “Адамдар есінен адасып жатыр” деді пікір қалдырушылар.

Желіде бұл тойға қатысты тағы бір адам түсінік бере кетті. 

“Бұл видеоны автор алғаш рет TikTok желісіне әдейі осылай түсініксіз етіп жариялаған. Жағдай бойынша қалыңдық жақ қалыңмалды көп сұраған. Ал жігіт жақ барынша шамалары жеткенше берген. Салдарынан бұған қалыңдық жақтың көңілі толмағандықтан той күні ол келмей қалған. Бәрін дайындап қойғандықтан жігіттің туыстары туған күн кеші секілді бойдақтық кешін тойлауды ұйғарған. Ақша үшін жастардың сезімін аяққа таптады. Бәлкім қайыры шығар. Өзіне бірінші орынға ақшаны емес, махаббатты қоятын жар табар”, – деді желі қолданушысы. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!