Фото: qulantany.kz

Мемлекеттің өркендеуі, дамуы мен шарықтауы ел тұрғындарының өмір сүру деңгейімен бағаланады. Ал бұл бағытта халықтың еңбек нарығы мен әлеуметтік ахуалы саясаттағы ұстанымға байланысты. Кейінгі жылдары отбасылық әл-ауқатты көтеру мен нығайтуда түрлі жобалар іске асырылды. Алайда халықтың көңілінен шықпағандары да бар. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр 20 сәуірде «ҚР Әлеуметтік кодексі» қабылданып, 1 шілдеден бастап заңды күшіне енген болатын. Кодекс аясында бүгінге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Іс-сапар барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, трансформациялау, ана мен баланы қорғау жүйесі туралы баяндады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға иппотерапиямен оңалту қызметін көрсететін ұйымның жұмысымен танысып, Талсуат елді мекенінде орналасқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты оңалту орталығы мен балаларға арналған арнаулыәлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын аралады. Сондай-ақ, өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындармен кездесу барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудегі өзгерістер, зейнетақы төлемдері, мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне жеке-жеке тоқталды.

– Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік кодекстегі маңызды өзгерістер туралы халыққа баяндап, ақпараттандыру үшін бір топ мамандар Сыр өңіріне арнайы келдік. Базалық зейнетақы мөлшері Мемлекет басшысының Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес енді бірте-бірте артатын болады. Сондай-ақ ана мен баланы қорғау жүйесінде де біршама өзгеріс бар. Алтын мен күміс алқа иегерлерінің жәрдемақы мөлшері сараланып, бала күтімімен отырған аналар бір жарым жасқа дейін жәрдемақы алуға мүмкіндік алды. Әлеуметтік кодекс аясында мүгедектігі бар азаматтарға қатысты көптеген жүйелі өзгеріс енгізілді, – деді вице-министр.

Әлеу­меттік кодекстің негізгі мақ­саты халықтың түсінуін жеңіл­дету үшін әлеуметтік саладағы заң­наманың барлық нормасын бір құжатқа шо­ғырландыру. Яғни әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қол­даныстағы заңдар мен актілер біріктірілген. Кодекстегі негізгі жаңалықтың бірі отбасының цифрлық картасы.

− Барлық өңір бойынша от­басының цифрлық картасы енгізілді. Бұл – жергілікті әкімдіктер мен басшыларға тап­тырмас құрал. Осы карта аясында түр­лі санаттағы отбасылармен жұмыс істеу мүмкіндігі қа­растырылған. Қызылордада «Е» санатын құрайтын 9 мың­ға жуық отбасы бар, − деді Назгүл Сағындықова.

Цифр­лық картаға қайта ора­лайық. Бұл мемлекеттегі от­ба­сылардың дербес дерек­қоры. Жобаны енгізудің нә­ти­жесінде жыл басынан бері 207 мыңнан ас­там адамға мем­лекеттік қыз­меттерді про­активті көр­сету үшін SMS-ха­бар­лама жол­­ данған. Ал өті­ніш бе­русіз жәр­де­мақы не­месе төлем алу мүм­кін­дігін 95 мың адам пай­даланды. Цифрлық картада Қазақстанның 20 млн азаматы ту­ралы ақпарат жинақталған. Мем­лекет басшысының тап­сыр­ма­сына сәйкес зейнетақы мөл­шері өз­гертілуде. Қазақстан бойынша зейнеткерлер саны 2,3 млн, ал Қызылорда облысында зей­неттегі адам­дар саны 83 мыңнан асады. Аймақ­тағы орташа зейнетақы мөлшері 155 мың теңгеге жуық.

Жал­пы зейнетақы базалық, ын­­тымақты және жинақтаушы зейнетақы деп қарастырылады. Бүгінге дейін базалық зей­нетақының ең төменгі мөлшері 54%-ды құраса, енді бұл мөлшер 70%-ға артады. Ал 1998 жылға дейін еңбек өтілімі бар аза­маттарға төленетін ын­тымақты зей­нетақыны есептеу үшін қа­былданған ең жоғары табыс мөлшері 46 айлық есептік көрсеткіштен 55-ке кө­терілген.

– Биыл 1 қаңтардан бастап инфляция деңгейін ескере отырып, әлеу­меттік төлемдерді жыл сайынғы ин­декстеу шең­берінде ынтымақты зей­нетақылардың өсуі 9%-ды құрады. Сон­дай-ақ ең төменгі күн­көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты ба­залық зейнетақы мөлшері ұлғайтылды. Жалпы рес­публика бойынша зейнетақы төлемдеріне былтыр 3 трлн 300 млрд теңге бағытталды, осы жылы 3 трлн 785 млрд теңге бағыттау жоспар­лануда, – деді вице-министр.

 Жоғарыда айтылған ана мен баланы қорғау жүйесіндегі өзгерістерге ойыссақ. Бала күтімімен үйде отырған аналар 1 жылға дейін жәрдемақы алатын, енді жәрдемақы баланың бір жарым жасына дейін төленеді. Одан бөлек, ал­тын алқа иегерлеріне 1 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде ақша қосылады. Биылғы 1 айлық есеп­тік көрсеткіштің мөлшері 3 692 тең­геге өскен.

Вице-министрдің сөзінше, мүгедектігі бар азаматтарды қол­дауға көп өзгеріс енгізілген. Бұл бағытта жүйені транс­формациялау қарастырылған. Денсаулық сақтау және білім саласы жан басына шаққандағы қаржыландыруға әлдеқайда бұрын ауысқан. Бұл жеке бизнестің келуін біл­діреді. Мәселен, білім саласындағы балабақшалар, жеке мектептер, ал ден­саулық сақтау бойынша жеке клиникалардың ашылуы жан басына шаққандағы та­рифтің нәтижесі. Ендігі кезекте еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі осы жүйені қолға алады. Мүгедектігі бар аза­маттар ауылда инфраструктураның жоқтығынан қа­лаға көшуге мәжбүр. Ал бұл жүйені әлеуметтік салада қолдану ар­қылы ауыл-аймақтарда бизнес жүргізу мүмкіндігі артпақ. Сонымен қатар ампутацияланған, генетикалық ауыт­қуы бар, мүгедектігі бар аза­­маттардың медицина саласындағы жұмысын тез­дету, оңтайландыру үшін ҚР Денсаулық сақ­тау министрлігімен бір­ге пилоттық жо­ба әзірленуде.

Тұрғындармен кез­десу барысында Назгүл С а ­ғ ы н д ы қ о в а ғ а жол­дан­ған сауалдың ең кө­бі атаулы әлеу­меттік кө­мекке тірелді. Жұбайы 4 жылдан бері бала күтімінде, өзі денсаулығына бай­ланысты сыр­­ қаттанып жүрген көп­балалы әке тұрмыстық жағдайы туралы айтты. Отбасындағы не­гізгі кіріс кө­зі зейнетақы мен балаға берілетін жәр­­ демақы болса да, мемлекеттен бе­рілетін әлеуметтік көмекті ала алмай жүр. Себебі отбасының табысыор­таша күн­көріс деңгейінен 136 тең­геге асып кеткен. «Әлеуметтік көмек алады» деген құжаты бол­маған соң балаларын те­гін ба­ла­бақшаға, лагерьлерге де жібере ал­мағанын айтты.

Бұл жағдай халықтың әлеуметтік өмірін ай­қындайды. Өңірде атаулы көмекке мұқтаж жан­дар­дың азаймағаны, бұған қо­са көмекке мұқтаж жандардың ақшалай жәрдем ала алмауы қол­данысқа ен­геніне 5 жылға жуықтаған жобаның әлі де зерттеліп, толықтыруды қажет ететінін білдіреді.

Халықтың сұрағына жауап беру барысында вице-министр бұл бағыттағы жаңа бастамаларға тоқталды. Нақтырақ айтсақ, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасында 1-6 жас­қа дейінгі бала болса, тағы қо­сымша төлем төленеді. Сондай-ақ медианалық табысқа көшу жос­парлануда. Ендігіде кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі емес, ме­диандық табыс есебінен анық­та­латын болады. Әлеуметтік көмек та­ғайындалғанда тек кіріс емес, от­басының шығысы да есептелінбек.

Назарға алатын келесі жағдай, жұмыссыздық, кедейліккке қатысты мә­селелерді ортаға салып, салдары мен шешімін қарастырумен қатар, кез­десуде денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдар көп болды. Халық ме­дициналық қызметтерге көңілдері тол­майтынын жеткізді. Бұл сонда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің қарамағындағы мәселе ме? Денсаулық сақтау министрлігі, ұйымдар, басқармалардың жұмы­сының нәтижесі қайда?

 «Ауруын жасырған өледі» демекші, қай сала болмасын оң нәтижемен бірге ол­қылығы да айтылуы қажет. Халық − қоғам – мемлекет. Мемлекеттің сал­ғырттығы халықтың қайғысына ай­налмасын.

Әлия ТӘЖІБАЙ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!