Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде мекеменің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастықтары жұмысын сотталғандарды күнделікті қайта есептеу, асханаға алып бару және жұмыс жоспарымен танысумен бастайды.

Бүгінгі таңда мекемеде 12 жасақ бастығы жұмыс істейді. Оларға тапсырылған әр жасақта 80-ге жуық сотталған жазасын өтеуде. Барлық жасақ мазмұны бойынша: жеңілдетілген, жеңіл және қатаң болып бөлінеді.

Бірінші болып сотталғандарды карантин бөлімшесі жасағының бастығы қарсы алады. Оның басты міндеті – сотталған туралы ақпарат жинау. Ол өз міндеттерін қаншалықты жақсы атқарса, бөлінгеннен кейін басқа жасақ бастықтарына сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу оңайырақ болады. Жасақ бастығы – сотталғандарды бақылап қана қоймай, мекеме аумағындағы барлық іс-шаралардың басты ұйымдастырушысы болып табылады. Жасақ бастығының жұмысында сотталғандар құқығының қорғалуы ерекше назар аударуды талап етеді.

Көбінесе сотталған ер адамдар өз эмоцияларын сақтайды. Сондықтан мекеме психологтары отряд бастығына көмекке келеді. Негізінен, отряд бастықтарының кестесі мен үлкен көлемі бар. Сол себепті де жұмыстан тыс бос уақыты шектеулі. Жасақ бастықтарының басым бөлігі самбоға, қоян-қолтық ұрысқа, жеңіл атлетикаға, кейбіреулері футболға құмар. Сондай-ақ мекемедегі қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады.

– Жұмыс күрделі және жауапты. Өз қызметін жасақ бастығы лауазымынан бастаған мекеме бастығы Өтетлеуов Мақсұт Өтегенұлы жеке құрамға бұл қызметтің қиындығынан сабақ алып, қызметте осалдық танытпауды талап етеді. Менің тәлімгерім Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы да жасақ бастығы лауазымында ұзақ уақыт жұмыс істеді. Қазіргі таңда мекеме бастығының орынбасары қызметінде. Бүгінде әр жасақ бастығына өз тәжірибесімен және кәсібилігімен бөліседі. Мекеме басшылығының жасақ бастығы лауазымынан бастап еңбек еткендеріне қарап, қызметіміздің маңыздылығы мен болашағынан қуат аламын. – деді жасақ бастығы Бахыт Ұлан.

Адина Ұзақбай​
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!