Фото: ашық дереккөзден

Қазгидромет мекемесінің деректері бойынша күндіз қатты ыстық болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазгидромет таяу күндері Қазақстан аумағына Иран аудандарынан жылы ауа массалары түсе бастайтынын хабарлады. 

Толығырақ

Елдің батыс және солтүстік аймақтарында 25-26 маусымда жаңбыр жауады. Ал жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады деп күтілсе де, 27 маусымға дейін республиканың солтүстігіне жылу келеді. 

– Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35+38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте ыстық +40+46 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі, – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бес облысында құрғақшылық болжанатыны хабарланған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!