Қызылорда облыстық Дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында «Асыл-Мұра Орда» қоғамдық қоры облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №60 мекемесіне 19 дана діни әдебиеттерді сыйға тартты.

Оқырманнан мазмұнды да, жақсы кітаптарды сыйлыққа алу ерекше құрмет, өйткені, кітапты үлкен жүректі кітапхананың тағдырына бейқам қарамайтын адам сыйлайды.

Мекеме кітапханасына 19-ға тарта діни әдебиеттер сыйға алынды. Сотталған азаматтарға сыйға тартылған бұл кітаптар кітап сөресінен ерекше орын алып қана қоймай, оқырмандарға ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. «Асыл-Мұра Орда» қоғамдық қорына үлкен алғысымызды айтып, сыйға берген әр кітабы өз оқырманын табады деген сенімдеміз, – деді мекеме теологы Жамиев Мейрамбек.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!