Фото: ІІМ

ШҚО полициясы Ұлттық домбыра күніне орай қызметтік көліктерден домбыраның бейнесін жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде орналасты.

Суретті толықтырған музыканттар әйгілі композитор Құрманғазының күйін орындады.

«Қасиетті домбыра әрқашан ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды. Бұл – ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмарымыз. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне үлес қоса берсін», – деді ШҚО ПД бастығы генерал-майор Ерлан Омарбеков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!