Фото: ktf.kz

KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 472-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Босния және Герцеговина) ITF W15 турнирінде топ жарды. 

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші барлығы 5 матч өткізіп, бәрін де жеңіспен аяқтады.

Жібек финалда дүниежүзілік рейтингіде 700-орында тұрған швециялық Лиза Заармен кездесіп, камбэк жасай білді – 2:6, 6:4, 6:2.

Осы табысының арқасында Жібек Құламбаева WTA Live рейтингісінде 441-орынға көтерілді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!