Сурет: depositphotos.com
Бүгін, 27 шілдеде Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жер сілкінісінің ошағы Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде орналасқан.
«Астана уақыты бойынша 09 сағат 54 минутта Рудный қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 21 км жерде сейсмикалық оқиға болды. Магнитудасы – 3,9»,—делінген ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының хабарламасында.
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!